«Елбасы Жолдауы – болашақтың бағыты» атты дөңгелек үстел

«Елбасы Жолдауы – болашақтың бағыты»  атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 9 ақпанында ШЖҚ «№29 қалалық емхана» МКК мәжіліс залында тіл саясаты маманы О. Тоқмағамбетовтың ұйымдастыруымен Елбасымыздың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Нұржамал Тегінбайқызы Байсақал, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрайымы Жаканова Асем Алмазқызы, №182 мектептен келген волонтерлер Қасымхан Ерғанат, Құдайберген Шыңғыс, Алатау ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Отырысты алғы сөзбен бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Саулет Танирбергенқызы Кыдырбекова бастады. Елбасының биылғы жолдауында алға қойылған 10 міндет жайында, соның ішінде басым бағыттардың бірі «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» туралы айтып кетті. Жиын барысында  емханамыздың бетке ұстар қызметкерлері, атап айтсақ, тіркеу орны әкімшісі Нүргүл Серікханқызы Молжанова, психолог Галина Петровна Долженко, дәрігер акушер-гинеколог Гульфарида АнарбекқызыКурымбаева, ЖПД бөлімшесінің дәрігерлері Қарлығаш Манарбек, Жансая Есентайқызы Есжанова,  Клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Кәмшат Базарбайқызы Жаканова, дәрігер-эндокринолог Айгерім Беделханқызы Абилбакиева, IT бөлімінің жетекшісі Вячеслав Сергеевич Кайгородов Елбасының Жолдауы бойынша баяндама жасады.Сондай-ақ Жолдау бойынша бірқатар мәселелерге жекелей тоқталып,  қатысушылар өздерінің келелі ойларын ортаға салды. Жиын соңында келген қонақтарымыз жылы лебіздерін білдіріп, осындай Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің Жолдауының қаншалықты маңызды екенін халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізуде бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.

Шыны керек, бүгінде Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге танымал мемлекет болды. Бұл, әрине оңай болған жоқ. Егемендік алғалы бері елімізде сансыз көп жұмыстар жасалды, тіпті әлі де атқарылып келеді. Бұл әрине, баршамыздың жарқын болашағымыз үшін жасалып жатқан дүние деп білеміз. Ендігі міндет — бүгінгі күнге дейін биікке көтеріп келген еңсемізді одан әрі көтеріп, алпауыт мемлекеттермен қатарлас болу жолында толассыз тер төгіп, Елбасы жолдауында айтылған міндеттерді орындау азаматтық парызымыз екенін естен шығармағанымыз абзал!


Бөлісу: