№1 Хаттама
Алматы қаласы 17.04.2026 ж
Төрайымы– А. М. Садыкова Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ КМК «№29 Қалалық емхана» директоры; Хатшы– маман бөлімі инспекторы- С. Садыкова
Қатысқандар: директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, аға медбикелер, заңгер, экономист, кадр бөлімі, емхананың кәсіподақ комитетінің төрайымы, бас медбике, шаруашылық бөлімінің менеджері.
Күн тәртібінде: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Кіріс және шығыс қаржылық есеп туралы» хаттамалық тапсырмасын орындау.
1.Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ КМК «№29 қалалық емхана» бойынша 2026 жылдың 1-тоқсаны кірістері мен шығыстары туралы кассалық есебі.
Кәсіпорынның кірістері мен шығыстары туралы есеп бойынша бас бухгалтер Г.К.Алибекова сөз сөйледі.
Кәсіпорынның есеп шотына барлығы 676 612,74 мың теңге сомасында ақшалай қаражат түсті.
Оның ішінде-әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан-668 888,24 мың теңге, Басқа мекемеге медициналық консультативті қызметтері-18,92 мың теңге және 4333,05 мың теңге көлемінде халыққа ақылы медициналық қызметтер көрсетілді, коммунал. қайтарым-14,08 мың.тенге өзге кірістер-3372,53 мың теңгені құрады.
Ақшалай қаражат шығыны 491 603,82 мың теңгені құрады, оның ішінде: кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы-348700,72 мың теңге, оның ішінде дифференциалды төлем -1225,00 мың теңге. Салықтар мен бюджетке төлемдер -33456,58 мың теңге. Коммуналдық төлемдер-8174,98 мың теңге, байланыс және интернет қызметтеріне төлемдер-1004,92 мың теңге, дәрі-дәрмек және МАЖ сатып алу –22957,61 мың теңге, шаруашылық және өзге де тауарлары сомасы-9220,54 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстар сомасы – 60579,76 мың теңге, оқу, семинарлар-120,00мың теңге.
Емхананың қаржы-шаруашылық қызметі- нәтежиелі, мерзімі өткен кредиторлық берешектері жоқ.
- 2. Отырыс қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
2026 жылдың 1-тоқсандық көрсеткіші бойынша «Қаржы-шаруашылық қызметінің кірістері мен шығыстары туралы есеп» бекітілсін және емхананың сайтына жариялансын.
2026 жылдың I тоқсанындағы кірістер мен шығыстар туралы есепке
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
ШЖҚ «№29 Қалалық емхана» КМК бойынша
Ұйымның орналасқан жері: Алматы қаласы, Зерделі шағынауданы, 371/3 үй
2026 жылғы 01 қаңтардағы ақша қаражатының қалдығы – 1 230 061,25 мың теңге
I. Кірістер:
- мемлекеттік тапсырыс – 668 888,24 мың теңге;
- ақылы қызметтерден түскен кірістер – 4 333,05 мың теңге;
- консультациялық-диагностикалық қызметтер – 18,92 мың теңге;
- өзге де кірістер – 14,08 мың теңге
(коммуналдық шығындарды өтеу – 14,08 мың теңге); - ҚДСБ-ның РВК бойынша қаржыландыруы – 0 мың теңге;
- өзге де түсімдер – 3 358,45 мың теңге
(оның ішінде 3 356,45 мың теңге – кепілдік жарна, шарттардың орындалуы бойынша).
Барлығы 676 612,74 мың теңге көлемінде ақша қаражаты түсті.
II. Кассалық шығыстар
1. 2026 жылдың I тоқсанында штаттық бірліктер саны 489,75, оның ішінде жеке тұлғалар саны – 414 бірлік.
Еңбекақы төлеу қорының шығыстары:
- нақты шығыстар – 371 425,42 мың теңге;
- кассалық шығыстар – 348 700,72 мың теңге;
- оның ішінде дифференциалды төлем – 1 225,00 мың теңге.
2. Салықтар (әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, ЖМЗЖ, МКЗЖ) – 33 456,58 мың теңге.
3. Жер және мүлік салығы, бюджетке өзге де аударымдар – 155,17 мың теңге.
4. Электр энергиясы, суық, ыстық және химиялық су, жылыту бойынша коммуналдық шығыстар – 8 174,98 мың теңге.
6. Байланыс қызметтеріне жұмсалған шығыстар – 1 004,92 мың теңге.
7. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу – 22 957,61 мың теңге.
8. Негізгі құралдарды сатып алу – 0 мың теңге.
9. Тамақтануға жұмсалған шығыстар – 2 267,00 мың теңге.
10. Шаруашылық тауарларын, жуу құралдары мен мүкәммалды, кеңсе тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектерді сатып алуға жұмсалған шығыстар – 9 220,54 мың теңге.
11. Персоналды оқыту – 120,00 мың теңге.
12. Өзге де қызметтер мен жұмыстар бойынша шығыстар – 60 579,76 мың теңге.
13. Ел ішіндегі іссапар шығыстары және есеп беруге тиісті сомалар – 251,78 мың теңге.
14. Кепілдік жарнаны қайтару – 0,21 мың теңге.
15. Міндетті сақтандыру – 4 566,62 мың теңге.
16. Таза кірістің бір бөлігін бюджетке аудару – 0 мың теңге.
17. Өзге де төлемдер – 147,93 мың теңге.
Кассалық шығыстардың жалпы сомасы: 491 603,82 мың теңге.
2026 жылғы 01 сәуірдегі ақша қаражатының қалдығы – 1 415 070,17 мың теңге.
