Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 Бұйрығы заңнамалары негізінде денсаулық мектептері қызмет етеді.

 «Денсаулық мектебі», қысқаша айтқанда, аурудың туындауы мен даму себептерін жоюға, денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған алғашқы профилактикалық, әрі денсаулық сақтаудың бастапқы тізбегінде пациенттерге көрсетілетін медициналық алдын алу қызметінің топтық кеңес беру түрі.

«Денсаулық мектебін» ұйымдастырудағы мақсат — халыққа салауатты өмір салты дағдыларын үйрету, пациенттердің ауру дамытатын мінез-құлық қаупі факторларының алдын алу, оны жеңуге бағытталған мақсатты әрекеттерді іске асыру дағдыларын үйрету, өздерінің денсаулығына қатысты мәселелері бойынша біліктіктерін көтеру және өздерінің өмірі мен маңайындағы жағдайды дербес түрде өзгерте алу қабілеттерін бойларына сіңіру.

Денсаулық мектептері

Қант диабеті мектебі

Қант диабеті – бұл, ұйқыбезі гормоны – инсулиннің абсолюттік немесе қатысты жетімсіздігі салдарынан, қан құрамында қант деңгейінің созылмалы артуымен сипатталатын эндокриндік ауру.

Өту уақыты:  дүйсенбі  14:00-ден –15:00-ге дейін, 318 кабинет

Жауаптылар: эндокринолог дәрігері Ташанова  Б.К., м/б Реимжан А.Р.

 Бронх демікпесі мектебі

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы ісіну ауруы, олар сыртқы және ішкі әрекеттерге жоғары сезімтал болады және кезеңмен тұншығу ұстамалары қайталанып тұрады.

Өту уақыты: жұма   11:00-ден –  12:00-ге дейін, 200 кабинет

Жауаптылар: жалпы практика дәрігері Кенжал Н., м/б Қожан А.Е.

АГ  мектебі

Артериялық гипертензия (гипертония, АГ) деп — артериялық қан қысымы 140 мм.сынақ бағаннан жоғары болатын жағдайды айтады. 

Өту уақыты: бейсенбі  9:00-ден – 10:00-ге дейін, 234 кабинет

Жауаптылар: жалпы практикап дәрігері Рахманова Г.Л., м/б Солтанбекова М.С.

ЖИА мектебі

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бұл жүрекке қан мен оттегіні жеткізетін шағын қан тамырларының (коронар тамырлары) тарылуынан пайда болатын ауру.

Өту уақыты: сәрсенбі 10:00-ден – 11:00-ге дейін, 326 кабинет

Жауаптылар: кардиолог дәрігері Курамысова Г.К., м/б Жылкышиева Г.А.

 Отбасын жоспарлау мектебі

Отбасын жоспарлау  бұл ерлізайыптылардың және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мерзімі, олардың жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған іс-әрекеттері.

Өту уақыты: сәрсенбі 12:00-ден 13:00-ге дейін, 427 кабинет

Жауаптылар: гинеколог-дәрігері Устемирова Л.М., акушерка Мамек Г.Н.

 Босануға дайындық мектебі

Босануға жан-жақты және психологиялиқ жағынан дайындалу керек. Бұндайда әйелдер «жеңіл босану» деп айтылатын сезім бастан кешіреді және бұл өмір кезеңі ауырсыну, қорғанышсыздық естеліктерімен күнгірттенбейді. Сондықтан босануға дайындалған уақыт текке кетпейді. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. 

Өту уақыты: бейсенбі 10:00-ден –  11:00-ге дейін, 427 кабинет

Жауаптылар: гинеколог -дәрігері   Устемирова Л.М., акушерка Мамек Г.Н.

Бала дамыту мектебі

Бала дамыту  кабинеті консультативтік және білім беру жұмысы бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіруші рөл атқарады. Мұнда медициналық қызметкерлерінен балалардың ата-аналары ерте шақтағы балаларға күтім көрсету жайында білім алып, дағдылана алады.

Өту уақыты: бейсенбі 10:00-ден  11:00-ге дейін, 301 кабинет

Жауаптылар: педиатр-дәрігері Аккулова Г.А., м/б  Нуркеева  А.У.

 Мінез-құлық тәуекел факторының мектебі

Мінез-құлық  — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық.

Өту уақыты: жұма 14:00-ден – 15:00-ге дейін, 208 кабинет

Жауаптылар: жалпы практика дәрігері Раушанова Д.Ө., м/б Самат А.

 Инсульт мектебі

Инсульт ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие.

Өту уақыты: сейсенбі   11:00-ден –12:00-ге дейін, 322 кабинет

Жауаптылар:невропатолог- дәрігері Тайбаева М.А.

Егде жастағы адамдар мектебі

Өмір — табиғаттың адам баласына берген ең үлкен сыйы.
Әркім өз өміріне дұрыс қараған жағдайда ғана оны ұзарта алады. Адам әрқашанда ұзақ әрі жақсы өмір сүруге талпынып келеді. Алайда, жылдар өте адам бойындағы биолгиялық функциялар төмендей бастады.

Өту уақыты: жұма   15:00-ден  16:00-ге дейін, (айына 1 рет) 117 кабине т

Жауаптылар: терапевт-дәрігері Құрбанова Қ.Л.

«Зерделі Жас» жастар денсаулық орталығы

«Зерделі Жас» жастар денсаулық  орталығы – бұл жасөспiрiмнiң ерекшелiгiне байланысты денсаулық сақтау мәселелерiнде жан-жақты медициналық, әлеуметтiк және психологиялық көмек көрсетеді.

Өту уақыты: жұма: 12:00-ден – 13:00-ге дейін, «Зерделі жас» жастар денсаулық кабинеті

Жауаптылар: жетекшісі Манап Риза, терапевт дәрігері Құрбанова Қ,Л., акушер-гинеколог Устемирова Л.М., дерматолог-дәрігері  Кулжабаева Е.М., уролог-дәрігері Халиков Б.М., заңгер Жалбырова К.Ө., әлеуметтік қызметкерлер Дабыр Б.Ә., Нусипкожа М.А, психологтар   Алемова А.Т., Жумабаева У.С., 

 

 


Бөлісу: