Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына 2-қосымша)

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.04.2020 № ҚР ДСМ-42/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі — тұлға) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі — МСАК) бекіту тәртібін айқындайды.

2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркелу тәртібі

      8. МСАК ұйымына бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірліктегі басқа аумақта орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын тұлғаларды қоспағанда, МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін «МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылған.

      МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — ЭҮП) арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

   Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын «МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес келтірілген.

      «МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту» тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеу мынадай адамдардың санаттарын бере алады:

      1) зейнеткерлер;

      2) мүгедектер;

   3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);

      4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);

      5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;

      6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;

      7) шет мемлекеттерде туған балалар;

      8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;

      9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.

      МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00- ге дейін).

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (не сенімхат бойынша оның өкілі) медициналық ұйымға тіркеу талоны немесе дәлелді бас тарту болып табылады. Тіркеу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.

      Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке тіркеу туралы хабарлама (талон) немесе МСАК ұйымының ЭЦҚ қойылған «Жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту келіп түседі.

      ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін пациент ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

     2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын маңдағы емханаға тіркелетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан пациенттің әкімшілік-аумақтық бірліктен (селоның, кенттің, қаланың, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тыс жерде нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу;

    3) жалпы практиканың бір дәрігеріне тіркелген халық санының артуы 1 700 аралас халық, учаскелік терапевт 2 200 адам, учаскелік педиатр – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 бала, МСАК ұйымын таңдау кезінде 0- ден 14 жасқа дейінгі 900 бала;

      4) балалар мен жоғарыда көрсетілген адамдар тіркелген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы болып табылады.

      МСАК ұйымы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге «МСАК көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Бекіту негіздемелері:

      1) тұрақты немесе уақытша тұратын жерін бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге бір айдан асатын мерзімге шыға отырып немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің ішінде өзгерту;

      2) МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) еркін таңдауын жүзеге асыру;

    3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі — бекіту науқанын) жүргізу;

      4) сақтандырушы мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі — ЕМС шарты), оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;

     5) өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) МСАК ұйымына бекітумен келіспеу;

      6) МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату;

      7) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау;

      8) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы;

      9) жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.

    11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) — 5) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына бекіту тұлғаның ЭҮП арқылы электрондық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.

      12. Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.

    13. Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген тұлға ЕМС шарты шеңберінде медициналық көмек көрсететін МСАК ұйымынан МСАК алады.

      14. МСАК ұйымдары тұратын жері бойынша бекітілген тұлғаларды МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы:

      1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған немесе өзгерткен күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;

      2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде;

   3) қордың медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастырмайтындығы туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде жазбаша хабардар етеді.

     «Бекітілген халықты тіркеу» ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы халықты МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы хабарлама жолдау арқылы хабардар етеді.

    15. Осы Қағидалардың 10-тармағының 6)-9) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына тұлғаларды бекітуді бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылдаған өңірлік комиссияның хаттамасын қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпараттандыру ұйымы жүзеге асырады.

     Бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары қорға жыл сайын 20 қарашаға дейін жібереді және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Қадамдық қолжетімділікті ескере отырып, МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары шығарады және жаңадан пайдалануға берілетін объектінің басшысына тіркелген жазбаша хабарлама берілген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қорға жібереді.

      Адамдарды өңірлік комиссия хаттамасының негізінде МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары бекітілген тұлғаларды олардың тұрғылықты жері бойынша жазбаша хабардар етеді. «Бекітілген халықты тіркеу» ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы тұлғаларды хабарлама жіберу, сондай-ақ өзге де тыйым салынбаған ақпарат құралдар арқылы хабардар етеді.

      Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына келіспеген жағдайда, тұлға осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша бекітуді өзгертуге өтініш береді.

      16. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011268/history)


Бөлісу:

Біздің байланыстарымыз

  • Городская поликлиника №29 | РК, г.Алматы, мкр.Алгабас-6, уч.371/3