Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығы.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі.

1.Жалпы ережелер:

1). Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

2). Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі – ТМККК):

3). Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация;

4).  Бастапқы медициналық-санитарлық  (бұдан әрі — БМСК) және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультативтік диагностикалық көмекті (бұдан әрі — КДК) қамтитын амбулаторлық-емханалық көмек;

5). Айғақтар бойынша (жолдаманың бар-жоғына қарамастан) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;

6).БМСК немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

7). Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

8). Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және медбике күтімі кіреді.

2.ТМККК тізбесі

3.ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек нысанындағы көмек тізбесі:                 

1). Дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес емдеу шараларын орындау және шұғыл көрсеткіштер бойынша дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету;

2). Науқастарды медициналық ұйымдарға медициналық көрсеткіштер бойынша жеткізу;

3). Бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету.

  1. ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек нысанындағы көмек тізбесі:

1). Пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

2). Көліктің әр түрлі құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.

  1. ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек БМСК, КДК қамтиды және осы ТМККК сәйкес келесі көлемде ұсынылады:

1). Мамандардың қараулары, кеңес берулері;

2). Полимерлік ұласпалы реакция негізінде диагностикадан басқа зертханалық және құрал-саймандық зерттеулер, иммунофеноүлгілер, компьютерлік және магниторезонанстық томографиялар, ангиографиялар, медициналық көрсеткіштер және МСАК маманы және (немесе) бейінді мамандардың жолдамасы бойынша төмендегілер санатына жасалатын медициналық-генетикалық зерттеулер: 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» кеуде белгісімен марапатталған көпбалалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға, жасы бойынша зейнеткерлерге, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға (бұдан әрі – әлеуметтік қорғалмаған топтарға);

3). Медициналық қызметтер (медициналық ұйымның шығын материалдарын пайдалану арқылы инъекциялар, қатып қалатын дәке таңулар, шиналар салу, гинекологиялық , урологиялық, көз дәрігерілік, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем қызметтер) (бұдан әрі – медициналық қызметтер);

4). Медициналық көрсеткіштер бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға физиопроцедуралар;

5). Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмекті (ортодонтиялық және ортопедиялық көмектен басқа) енгізген емдеу шаралары, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге тіс өндіру , дайындау , және композициялық материалдарды химиялық емдеу шаралары;

6). Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар: саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау, халықты тазалыққа үйрету, отбасыны, аналықты, әкелік пен балалықты қорғауға үйрету, халықты қауіпсіз сумен қамту және теңдестірілген тамақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

7). Өкілетті органның тізбесіне келісті бекітілген белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың жеке санаттарын дәрі-дәрмекпен тегін және (немесе) жеңілдік арқылы қамтамасыз ету үшін арнайы емдеу өнімдерімен қамтамасыз ету;

8). Уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес, халықтың нысаналы топтарын алдын алуға медициналық қарауларды өткізу;

9). Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге келісті жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы алдын алу егулерді жүргізу;

10). Жұқпалы аурулар ошақтарында санитарлық індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларын өткізу.

6.Стационарлық көмек нысанында көрсетілетін ТМККК төмендегі  қызметтерді қамтиды:

1). Мамандардың қараулары, кеңес берулері;

2). Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарына сәйкес зертханалық және құрал-саймандық зерттеулер;

3). Медициналық көрсеткіштер бойынша дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес емдеу процедуралары мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

4). Медициналық көрсеткіштер бойынша қанның және оның құрамдарын препараттармен қамтамасыз ету;

5). Сәйкесті қарау және тамақтандырумен қамтамасыз ету;

6). Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

7).паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

  1. ТМКККстационар ауыстыратын нысанында енгізеді:

1). Мамандардың қараулары, кеңес берулері;

2). Медициналық көрсеткіштер бойынша күн ағымында 4-тен 8 сағатқа дейін дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес емдеу шаралары мен емдеуді (ақылыны қоспағанда) қамтамасыз ету.


Бөлісу:

Біздің байланыстарымыз

  • Городская поликлиника №29 | РК, г.Алматы, мкр.Алгабас-6, уч.371/3