Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№29 қалалық емхана» КМК 2015 жылдың қараша айында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған. Ересек және бала тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік — медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде бастапқы медико-санитарлық және клиника-диагностикалық көмек көрсетеді.

Емхананың негізгі ғимараты Алматы қаласының Алатау ауданы, Зерделі көшесі, 371/3 мекен-жайы бойынша төрт қабатты типтік ғимаратта орналасқан.

Қуаттылығы — ауысымында 540 бекітілген тұрғындарды қабылдайды.

№29 қалалық емхананың құрамына «Рахат-Мәдениет» шағын ауданындағы Аруана көшесі, 2Б мекен-жайы бойынша орналасқан филиалы кіреді.

Емхана аумағының қызмет көрсету радиусы-22,7 км.

Жоспарлы қуаты:

Қуаттылығы — ауысымына 500 тұрғындар – негізгі ғимаратта қабылданады, ауысымына 40 тұрғындар – Рахат шағын ауданындағы дәрігерлік амбулаторияда қабылданады, жалпы 540 бекітілген тұрғындарға көмек көрсетіледі, тәулігіне орташа-нақты – 1082 адам қабылданады.

Қызметкерлер саны – 309, оның ішінде – 89 дәрігер мен 155 орта медицина қызметкерлері. Қызметкерлер арасында 5 «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,  35  жоғары және бірінші санатты дәрігер, 68 жоғары және бірінші санатты  мейірбике,  24 маман — «қолданбалы бакалавр » және  7 маман  — «академиялық бакалавр »  деңгейіндегі мейірбикелер.

№ 29 Қалалық емханада қызмет көрсетілетін халық саны — 61 897 адам.

Емхананың учаскелік қызметі 45 учаскеден тұрады, оның ішінде жалпы практика дәрігерлерінің 36 учаскесі және 9 педиатриялық учаскеден, мамандандырылған көмек көрсету бөлімшесінен, акушерлік-гинекологиялық бөлімшеден, клиникалық-диагностикалық бөлімшеден, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімшеден, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінен, «Зерделі жастары» жастар денсаулық орталығынан құралған, сондай-ақ, емханада тіркелген халық үшін күндізгі стационар және үйдегі стационар сияқты стационарлар бар.


Бөлісу: