Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Ашық есік күні

Құрметті пациенттер! 04.05.2023 жылы №29 Қалалық емханаға  тіркелген тұрғындарға  арналған «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» атты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін барлық ниет білдірген пациенттер кардиолог-дәрігер Курамысова Гүлжанат Қайредденқызыныңжеке кеңесін ала алады. Өтетін орны: Зерделі ықшам ауданы, 371/3, №29 ҚЕ, 427 кабинет.


Еуропалық иммундау апталығы

ДДҰ-ның еуропалық аймағы аурудың алдын-алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болу үшін жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын атап өтеді. 2023ж. 24– 30 сәуір аралығында денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізілді. Вакцинация – халық денсаулығының ең үлкен жетістіктерінің бірі. […]


Жалпықалалық сенбілік

22 сәуір Халықаралық жер күніне орай «Almaty Clean & Green» ұйымымен Алматы қаласында  жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қоғамдық жұмысқа №29 Қалалық емхана қызметкерлері де белсене ат салысты. Сенбілік барысында емхана аумағы  жан-жақты тазартылып, сыпыру, қоқыстарды жинау жұмыстары  жүргізілді. Сонымен қатар аумақты тазалық жұмысы жүргізілген нүктелерге кезекші медициналық бригадалар жолданып, алғашқы көмек көрсету қызметімен қамтамасыздандырылды. Сенбіліктер — […]


Зиянды әрекеттер неге алып келеді?

Бүгін “Зерделі жас “ жастар денсаулық орталығының психологы Алемова Айжан Тасболатқызы № 178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сыныптарымен “Зиянды әрекеттер неге алып келеді?” тақырыбында семинар тренинг өткізді. 🔹Оқушылардың зиянды әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға,әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға , адамзат бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсінуге, сақтай білуге тәрбиелеу. Жағымды позитивті ойлар, пайдалы әрекеттерді қалыптастыруға байланысты […]


Туберкулез айлығы аясында өткен іс-шаралар

Туберкулездің алдын алу айлығы аясында «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен №29 қалалық емханасында Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен флеш-моб өтті. Сондай-ақ аймақта орналасқан Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына “Туберкулез ауруы жайлы” диктант жазғызды. Мақсаты : егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне […]